12:11, 8 ноября 2019 г.
Облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс шарасы басталады
Фото: Pixabay.com
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде бөлініс басшыларының қатысуымен брифинг болып өтті, деп хабарлайды Uralskcity.kz.
Брифинг барысында БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы М.Қоспаев облысымыздағы жол-көлік оқиғасына қатысты мәселелерге тоқтала келе: «Бүгінгі күні жол-көлік оқиғасы қоғамда өзекті мәселеге айналып отыр. Облысымызда ағымдағы жылдың 10 айында жол-көлік оқиғаларының саны азайды 7%-ға төмендеді, алайда, жол-көлік оқиғаларының салдарынан жапа шеккендердің саны азаймай тұр, биыл ағымдағы жылдың 10 айында ЖКО салдарынан қаза болғандар саны - 90 (2018 ж. - 94) адамға жетіп отыр. Бұған басты себеп - жол қозғалысына қатысушылардың жол ережесін дұрыс сақтамауы, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден кесіп өтуі, масаң күйде жолға шығып кетуі, ішімдік ішкен күйде көлік құралдарын басқару, жылдамдықты арттыру және т.б. Сондай-ақ, аталған себептермен биыл бүгінгі күнге дейін 70 мыңға жуық (2018 ж. - 12 мың) адам әкімшілік жауапкершікке тартылды. Осыған байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жергілікті атқару органдарымен бірлесе отырып түрлі кешенді шаралар өткізу қолға алынған болатын.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекіткен жедел-профилактикалық іс-шаралар кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауын орындау, сондай-ақ, жүргізушілер арасында көліктік тәртіп пен жол-көлік оқиғаларының санын төмендету мақсатында ағымдағы жылғы 01.11.2019 – 01.01.2020 ж.ж. аралығында БҚО аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілетін болады. Аталған профилактикалық іс-шара жүргізу барысында мүдделі мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдардың, көліктерді бақылау басқармасының қызметкерлері және «Нұр Отан» ХДП өкілдері қатырынан жұмыс тобы құрылып, арнайы дайындалған жоспарға сәйкес тиісті іс-шаралар ұйымдастырылатын болады», - деп баяндады полиция подполковнигі.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
11:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
02:46, Вчера
10:11, 14 ноября
10:11, 14 ноября
3
live comments feed...
Комментарии