11:40, 12 сентября 2019 г.

Екінші мүмкіндік енді жоқ

Екінші мүмкіндік енді жоқ

Үй-жайға немесе көлікке еніп жасалған ұрлық, тонау және қарақшылық үшін жаза күшейтіледі деп  NUR.KZ-ке сілтеме жасай отырып Uralskcity.kz хабарлайды.

Бас прокуратураның бастамасымен мұндай қылмыстар орташа дәрежеден ауыр дәрежеге ауыстырылады.

– Бұл қылмыскерлерге келтірілген зиянның орнын толтыру мен татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға мүмкіндік бермейді, - деп айтылған Бас прокурордың орынбасары Мұрат Ахметжановтың пікірін ақпарат көзі жеткізді.

Татуласуға шектеу орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін де енгізіледі. Осылайша, егер ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласудың арқасында бір рет жазадан құтыла алса, онда келесі қасақана құқық бұзушылық болған жағдайда онымен татуласуға тыйым салынады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Авторизуйтесь, щоб оцінити

Комментарии

Объявления
live comments feed...