• Главная
  • Медициналық көрсеткіштер бойынша ғана процедура өткізу
15:35, 11 сентября 2019 г.

Медициналық көрсеткіштер бойынша ғана процедура өткізу

Фото : Pixabay.com

Фото : Pixabay.com

Мемлекеттік бюджеттен 88 педофилді кестіруге қаржы бөлінді.

Өткен жылдан бастап сот шешімі бойынша 11 отандасымыз химиялық кестіру жолымен сотталды деп Tengrinews.kz -ке сілтеме жасай отырып Uralskcity.kz  хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл шара (жыныстық құмарлығын төмендететін препараттарды енгізу) Қазақстанда өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады. Инъекцияны сот-медициналық сараптамасы кәмелетке толмағандарға жыныстық қатынас жасауына құмарлығын анықтаған сотталғандарға сот шешімі бойынша ғана қолданады.

Химиялық кестіру жасауды қамаудағыларға жазасын өтеу орнында жүргізеді. Кестіруге сотталғандар туралы мәліметтер жарияланбайды, өйткені Конституцияның 18-бабының 1-тармағына сәйкес олар құпия болып табылады және таратуға жатпайды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша бұл шара қолданылған жоқ.

P.S.: Белгілі болғандай, химиялық кастрация – бұл гормональды химиялық заттарды ағзаға кезең-кезеңмен енгізу арқылы жыныстық рефлекстер мен ер адамның либидосын уақытша тоқтату. Жыныстық бездер сақталады. Емшара ер адам ағзасына қауіпті, тек медициналық көрсеткіштер бойынша және дәрігер бақылауымен жүргізіледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизируйтесь, чтобы оценить
Авторизируйтесь, чтобы оценить

Комментарии

Объявления
live comments feed...