• Главная
  • Телефон алаяқтарының алдаудың жаңа схемасы туралы
08:53, 11 сентября 2019 г.

Телефон алаяқтарының алдаудың жаңа схемасы туралы

Фото : Pixabay.com

Фото : Pixabay.com

Халық банкінің Prodengi.kz порталында олардың карточкаларын иеленушілерді алдаудың жаңа схемасы туралы хабарламасы орналастырылды. Жаңа схемадағы парадоксты айтар болсақ,адамдар осы банктың басқа да клиенттерінің алдауына тартылатынын өздері де сезбей қалатынында деп хабарлайды Uralskcity.kz .

Оқиға желісі сіздің Халық банкінің банк картаңызға 400-500 мың теңге түскеннен басталады, одан кейін бейтаныс адам қоңырау шалып, оның ақшасын қайтаруды сұрайды. Ол адресатпен қателескенін айтып, басқа картаның нөмірін көрсете отырып, сомасы сол картаға бағыттауды сұрайды. Сыйақы ретінде шотыңызда 10-20 мың теңге қалдырады.

Қарапайым адамгершілік тұрғыдағы алғыс ретінде көрінгенмен, алайда бәрі оңай емес.Бұл сыйақы ретінде түскен ақшаны, шын мәнінде, алаяқтардан жоқ тауарды Интернеттен сатып алған адамдардан түседі. Сатып алушы өзінің алданғанын түсінгенде, жәбірленуші өзінің арызында күдікті ретінде тауар үшін ақша аударған карта иесін көрсетеді.

Өкінішке орай, дерек көзінің ақпаратында елдің қай өңірінде осындай алаяқтық фактілері орын алғаны айтылмаған, сондықтан uralskcity.kz  Халық (Народный) банкінің филиалынан БҚО тұрғындарының осы схема бойынша алдануы туралы шағымдары бар ма деген ақпарат сұрады.

Сонымен қатар, сайт тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне «осы жылы облыс тұрғындарынан банк карталарымен жасалатын операцияларға байланысты оларға қатысты алаяқтық іс-әрекеттер жасау жөнінде өтініштер келіп түсті ме?» - деген мазмұнда сауал түсірді. Сауалдарға жауаптар түскеннен кейін,  uralskcity.kz  олардың мазмұнын өз оқырмандарына жеткізеді.

P.S.: Халык Банк хабарламасында «Мұндай жағдайларда не істеу керек?» деген сұраққа нақты жауап беріледі: - Банкке қоңырау шалу және ақшаны жіберушіге қайтару.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Авторизуйтесь, щоб оцінити

Комментарии

Объявления
live comments feed...