• Главная
  • Куәнің жалған айғақ бергені үшін мерзім
17:37, 6 сентября 2019 г.
Надежный источник

Куәнің жалған айғақ бергені үшін мерзім

Жаңақала ауданының прокуратурасы жалған айғақ берген куәгерді айыптады.

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Uralskcity.kz  хабарлайды, өткен жылдың желтоқсан айында Жаңақала аудандық соты шаруа қожалығынан 133 бас жылқы және 17 бас ірі қара малды ұрлап әкеткені үшін ер адамды 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатына «ToyotaLandCruiser» маркалы қымбат автокөлікті сатып алып, әр түрлі ойлар туындамауы және қаражаты кетіп қалмауы үшін қымбат көлік құралын досына ресімдегені анықталды.

Тергеу барысында бұл досы «ToyotaLandCruiser» шын мәнінде оған тиесілі деген жалған жауап берді. Бастапқыда аудан полициясы ер адамға қатысты жалған жауап бергені үшін қылмыстық іс қозғаған, бірақ кейін қылмыс құрамының болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтатты.

Қадағалау органы тергеушінің іс жүргізу шешімімен келіспеген, Жаңақала аудандық полиция бөлімінің қаулысының күшін жойып, істі сотқа жіберген. Жалған куәландырылушы 5 жылға шартты мерзімге сотталды, ал автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленген. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизуйтесь, щоб оцінити
Авторизуйтесь, щоб оцінити

Комментарии

Объявления
live comments feed...