19:06, 6 сентября 2019 г.
Алғашқы тәжірибе алу үшін шарттар
«Жас кәсіпкер» жобасына қатысушы – бастаушы кәсіпкерлер «AlemPlaza» сауда үйінде өткен жәрмеңкесінде өз жұмыстарын ұсынды деп хабарлайды Uralskcity.kz.
Мұндай мүмкіндікті «Атамекен» өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы ұсынды. Жәрмеңкеге облыс орталығынан ғана емес, аудандардан 30-дан астам жас кәсіпкер қатысып, ұлттық киім-кешек, тұрмыстық заттар, әшекейлер, сәндік-қолданбалы өнер және тіпті тамақ өнімдерін (ұлттық тағамдар) ұсынды.
Бизнес субъектілерінің өңірлік қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта «Жас кәсіпкер» жобасының екінші (соңғы) легін оқыту аяқталды. Жоба барысында барлығы мыңнан астам адам кәсіпкерліктің қыр-сырын оқыды.
Қысқа мерзімді курстар аяқталғаннан кейін қатысушылардың әрқайсысы 505 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік грант алады, ал кейіннен жеңілдікті несие алу мүмкіндігі бар. Бұл жағдай жас кәсіпкерлерге «аяққа тұруға» мүмкіндік береді.
- Бұл жәрмеңкенің мақсаты – «Жас кәсіпкер» жобасының нәтижелерін іс жүзінде көрсету, жобаға қатысушыларға байланыс орнатуға, бір-бірімен тәжірибе алмасуға көмектесу. Жәрмеңкеге қатысу – әлеуетті клиенттермен жұмыс істеудің алғашқы тәжірибесі, яғни жаңа бастаған кәсіпкерлер өз өнімдерін жүзеге асыруда жұмыс дағдысын алады, - деп атап өтті жәрмеңке ұйымдастырушылары.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
11:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
02:46, 24 ноября
10:11, 14 ноября
10:11, 14 ноября
3
live comments feed...
Комментарии