• Главная
  • Дәрігерлердің әлде науқастың өзінің әрекетсіздігі?
21:00, 29 августа 2019 г.

Дәрігерлердің әлде науқастың өзінің әрекетсіздігі?

Дәрігерлердің әлде науқастың өзінің әрекетсіздігі?

Жоғарғы Сот БҚО-ның медициналық мекемесін көру қабілетінен айырылуына себепші деп айыптаған жігіттің шағымына сәйкес, мекемені кінәлі танып, қомақты ақшалай өтемақы төлеуді міндеттеді.

№ 1 емхана мен облыстық көпсалалы аурухана Александр Ч-ға 10 миллион теңге төлеуге міндетті деп NUR.KZ сілтеме жасай отырып uralskcity.kz хабарлайды.

Александр Ч. 8 жасында қант диабеті анықталып, оны есепке қойды. Бала басқа мамандармен қатар офтальмологта жылына 2 реттен кем емес қаралуы керек болды, алайда, жігіттің айтуынша, 9 жылда көз дәрігері оны тек 4 рет қабылдаған. 

Александрдың анасы Денсаулық сақтау министрлігіне шағымданды, кейін мәселеге орай Астанадан комиссия келді. Елордалық мамандар осы жылдар бойы Александрға тиісті медициналық көмек көрсетілмегені, соның нәтижесінде бала көру қабілетінен айырыла бастады деп қорытынды жасады. Нәтижесінде, мәңгі көруден айырылды.

- Мен енді өмірімнің соңына дейін көре алмаймын. Мен өз туыстарымның, жақындарымның бет-бейнесін ешқашан көре алмаймын. Олар мұны ескермейді - дейді Александр Ч.

Uralskcity.kz № 1 емхана директорының орынбасары Марина Наженовадан сұхбат алды.

- Біз жұмыс істемедік деп тану дұрыс емес, керісінше, Ч. қант диабетінен мәжбүрлеп емдеуді тағайындау үшін «барлық қоңырауларға ұрдық». Александрдың анасы өз қолымен дәрігерлердің тағайындауынан бас тартатынын жазған, бұл бас тартулар бізде сақталды.

Жігіт офтальмологқа үнемі барып, диетаны сақтауы керек еді, бірақ ол медициналық ұсыныстарды елемеді. Ч. үйіне де бардық, бірақ есікті ешкім ашпады.

Александрдың анасына қалай да ықпал ету үшін, қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, прокуратураға жүгіндік. Бірақ, өкінішке орай, «іс өлі нүктеден жылжыған жоқ». Ал, соңында емхананы кінәлі қылып қойды.

2012 жылы сәуір айынан тамыз айына дейін Александр Ч. помпалық терапиядан өтті, осы кезеңде қант деңгейін төмендету мүмкін болды. Егер науқас помпалық емді жалғастыра бергенінде, онда мұндай асқынулар болмайтын еді.

Александрға Израильде ота жасағаннан кейін көру мүмкіндігі толықтай жоғалды.

Алматылық офтальмологтар оны хирургиялық араласудың қауіптілігін ескертті, бірақ олардың кеңесін елеусіз қалдырды.

Көптеген сот талқылаулары барысында бұл іске бағалау беруге көптеген мамандар тартылды және олардың қорытындылары әртүрлі болды. Біреулері – медициналық мекеменің пайдасына, басқалары-Александр Ч. пайдасына. Жоғарғы соттың шешімін қабылдау негізіне енген соңғы сараптама талапкердің пайдасына болды. Облыстың медициналық қоғамдастығының атынан ашық мәлімдеймін: бізді сот шешімі таң қалдырды. Неге біздің Александр Ч. ем қабылдауына бағытталған әрекеттеріміз көрінетін құжаттар назарға алынған жоқ; ал ем қабылдаудан бас тартулар ше? Біз азаматтардың денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік туралы айтатын болсақ, бұл дегеніміз тек медициналық мекеменің ғана емес, сонымен қатар науқастың өз денсаулығы үшін жауапкершілігі.

P.S.: Uralskcity.kz сот шешімінің объективтілігіне күмән тудырмайды, егер Жоғарғы соттың ұйғарымы талапкердің пайдасына болса, онда оған негіз болған болып тұр. М. Наженовадан мән-жайды анықтап беруін сұраған сұхбатымызда төмендегідей сұрақ жолдаған болатынбыз:

- Бұл ақшаға шетелдерде көзге ота жасау мүмкін бе ? ота жасалған жағдайда қаншалықты көмектеседі?

Нәтижесінде, айтылып жүргендей, болған іс болды...

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Верховный суд #потеря зрения
0,0
Оцените первым
Авторизируйтесь, чтобы оценить
Авторизируйтесь, чтобы оценить

Комментарии

Объявления
live comments feed...