
16:51, 22 августа 2019 г.
Надежный источник
ОРАЛДА ЕКІ ПӘТЕРЛІ ҮЙ ӨРТЕНДІ

Өрт оқиғасы 21 тамызға қараған түні болған.Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды uralskcity.kz .
Зашаған кенті Жәңгірхан 27/1 мекенжайындағы екі пәтерлі үйде орын алған өрт туралы БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына түнгі сағат 01.41-де қоңырау келіп түскен.Бірнеше минуттан кейін №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері шақырту орнына келді. Сондай-ақ №8 және №5 өрт сөндіру бөлімшелерінен қосымша техника шақыртылған. Анықталғандай, тұрғын үйдің шатыры мен қабырғалары өртенген. Тілсіз жау 220 шаршы метр аумақты шарпып өткен. Сағат 03.45-те толығымен сөндірді. Жалынды сөндіруге жеке құрамнан 18 адам және 5 техникасы жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
20:38
23 апреля
19:13
23 апреля
16:19
23 апреля
15:22
21 апреля
13:23
21 апреля
Объявления
08:55, 15 апреля
live comments feed...
Комментарии