• Главная
  • БҚО-ДА ЭКОЛОГИЯНЫ БҮЛДІРГЕН ӘКІМДІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
13:17, 22 августа 2019 г.
Надежный источник

БҚО-ДА ЭКОЛОГИЯНЫ БҮЛДІРГЕН ӘКІМДІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

БҚО-ДА ЭКОЛОГИЯНЫ БҮЛДІРГЕН ӘКІМДІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

БҚО Бәйтерек ауданы прокуратурасы тексеріс барысында жалпы аумағы 60 гектар болатын 128 қоқыс үйіндісін анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасап, uralskcity.kz хабарлайды

Жергілікті атқарушы органдардың тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру, кәдеге жарату және сақтау кезінде экологиялық заңнаманы сақтауын тексеруге Экология департаментінің мамандары шақырылып, ұзақ уақыт бойы қоқыс үйінділерін жою бойынша шаралар қабылданбағаны, полигондардың экологиялық талаптарға сәйкес болмағаны анықталды. Мәслене,Достық, Зеленое, Рубежинск, Чеботарев ауылдарында қауіпті қоқыс үйінділері газ құбырларына жақын орналасқан. Демек қоқыс өртенген жағдайда құбырлардың жарылуы ықтимал. Осылайша Экологиялық Кодекстің 222-бабының 12-тармағы бұзылған.

Дарьинск, Переметное, Щапов ауылдық округтерінің әкімдіктерімен жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шараларын жүргізу үшін тарату қоры құрылмаған (Кодекстің 300-бабының 11-тармағы). Щапов, Трекин ауылдық округтерінің әкімдіктері полигондарда құрылыс және коммуналдық қалдықтардың араласып төгілуіне жол берген, бұл Экологиялық Кодекстің 292-бабының бұзылуы.

Ауылдық округтердің әкімдіктері уәкілетті органға қауіпті қалдықтардың паспортын, қалдықтарды түгендеу жүргізу есебін, қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастр ісін тапсырмай, Экологиялық Кодекстің 194-бабының талабын орындамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Белес, Дарьинск, Достық, Егіндібұлақ, Железнов, Зеленов, Краснов, Көшім, Макаров, Махамбет, Переметное, Трекин, Чеботаров, Шалғай, Щапов және Янайкин ауылдық округтерінің әкімдіктері ӘҚБтК-нің 344-бабымен (өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, Экология департаментінің ұйғарымдары негізінде аталған округтердің әкімдері анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
0,0
Оцените первым
Авторизируйтесь, чтобы оценить
Авторизируйтесь, чтобы оценить

Комментарии

Объявления
live comments feed...