20:13, 21 августа 2019 г.
КӨЛІК АПАТЫ ЕГДЕ АЗАМАТТЫҢ ӨМІРІН ҚИДЫ
Бүгін, 21 тамыз күні Оралдағы Мұхит пен Дәулеткерей көшелерінің қиылысында №6 қоғамдық көлік пен жеңіл автокөлік соқтығысып, соның салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Uralskcity.kz.
Оқиға облыстық көпбейінді аурухана маңында болған. Жылдамдықты асырған ВАЗ 2107 көлігі қоғамдық көлікке жол бермей аялдамада тұрған бірнеше адамды соққан. Оқиға орнына жедел жеткен жедел жәрдем көлігі зардап шегушілерді лезде ауруханаға алып кетті. Өкінішке орай, 1957 жылғы азамат алған жарақатының ауырлығы салдарынан аурухана төсегінде көз жұмды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға туралы жедел жәрдем қызметіне 10.57-де қоңырау түскен. Барлық жәбірленушілерге амбулаториялық ем шара жүргізілген.
– 62 жасар азамат ауруханада жарты сағаттан соң бас ми бөлігінің ашық жарақатынан қайтыс болды. Марқұм қатты соққыдан көп қан жоғалтқан. Емдеу мекемесіне келген сәтте оның жағдайы өте ауыр болды, – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Айнагүл Сақбосынова.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
11:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
10:11, 14 ноября
10:11, 14 ноября
3
02:46, 24 ноября
live comments feed...
Комментарии