16:48, 2 августа 2019 г.
Мас күйде көлік басқарған
Орал қаласы Полиция басқармасы патрульді батальон қызметкерлері «1000 ұсақ-түйек» базарының маңынан «Опель Вектра» маркілі көлікті тоқтатқан болатын.
1970 жылғы көлік жүргізушісінің «Орта деңгейде» мас күйде болғаны белгілі болды. Сондай-ақ оның үш жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Бірақ, куәліксіз көлік рөліне отырудан сескенбеген екен. Енді ол Қылмыстық Кодекстің 346-бабы 1-тармағына сай жауапқа тартылатын болады.
Аталған баптың бірінші тармағында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беруі белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзiмге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланатыны көрсетілген.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі заң қатал болса да, мас күйде көлік рөліне отыратындар азаймай отырғанын айтады. Олар тіптен айыппұлдан да, жүргізушілік куәліктен айырылып қалудан және қылмыстық жауапкершілікке тартылудан да қорықпайтын болған.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
11:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
10:11, 14 ноября
10:11, 14 ноября
3
02:46, 24 ноября
live comments feed...
Комментарии