18+

Жаяу жүргіншілер өткеліндегі өлім

Назарбаев даңғылы бойындағы «Саяхат» аялдамасы жанында әйел адамды көлік қағып, нәтижесінде қайтыс болды деп  облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Uralskcity.kz хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы 14 қыркүйек күні сағат 00.40-та орын алған. 53 жастағы әйел жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатып «Мерседес Бенс-200Е» автокөлігінің астынан бір шыққан. Жедел жәрдем шақырылғанмен, өкінішке орай, жәбірленуші көмек келгенге дейін өмірден өтіп кетті.

Шетелдік маркалы автокөлік арнайы тұраққа қойылды, ал оның иесіне қатысты бұлтартпау шарасы – ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайларын зерттеу бойынша сараптама тағайындалды.