18+

Қазақстандық құтқарушылар – жоғары деңгейдегі кәсіпқойлар

Төтенше жағдайлар министрлігінің қазақстандық қызметкерлері өрт - сөндіру спортынан XV Әлем чемпионатында жалпы командалық екінші орын алды деп хабарлайды Uralskcity.kz.

Жарыс Саратов қаласында 8-16 қыркүйек аралығында өтті, спорттық іс-шараға әлемнің 200 елінен 600-ден астам спортшылар мен делегаттар қатысты. Қатысушылар: ерлер арасында; әйелдер арасында; жасөспірімдер мен юниорлар арасында; қыздар мен юниорлар.

Әлем чемпионатының қазақстандық қатысушыларының құрамында біздің облысымыздың өкілдері де болды: 31 жасар Дмитрий Агафонов және вальдороф бағытындағы гимназияның оқушысы Раимбек Райымқұлов.

Д.Агафонов БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қызметін атқарады, ал Р.Раимкулов екі жыл бойы департамент жанынан ұйымдастырылған өрт сөндіру-құтқару спорты үйірмесіне қатысады.

Әлем чемпионаты деңгейіндегі халықаралық жарыстардағы жеңіс қазақстандық құтқарушылардың мақтанышы болып табылады, себебі бұл әлемге ҚР ТЖ министрлігі қызметкерлерінің жоғары кәсібилігін көрсетеді.