Орал қаласында 900 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды uralskcity.kz.
Ағымдағы жылы мемлекет басшысының апатты және үш ауысымды оқытудағы мектептерді жою туралы тапсырмасын орындау мақсатында Орал қаласы Зашаған кентінде 900 оқушыға арналған №51 мектептің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айынан басталып, қазіргі уақытта қарқынды іске асырылып келеді. Мердігер – «Нұркапстройгаз» ЖШС.
Нысан құрылысы бойынша жер жұмыстары және іргетас жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда қабырғаларды қалау жұмыстары жүргізілуде. Мектеп ғимараты 3 блоктан және 3 қабаттан тұрады.