Бұл өкімді Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы аясында берді деп хабарлайды Uralskcity.kz Ақ Орда сайтына сілтеме жасай отырып.
Бастама мемлекеттің экономикадағы ақталмаған қатысуын қысқартуға бағытталған және оны орындау үшін Үкіметке және Есеп комитетіне үш ай мерзімде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жасау тапсырылды.
- Бұл ретте стратегиялық секторларда жұмыс істейтін мемлекеттік компаниялардың қызметіне ұқыпты қарау керек. Мемлекеттік монополистер орын алған жағдайда біз осыдан туындайтын барлық салдарымен жеке монополистерді аламыз, - деп атап өтті ҚР Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ баға белгілеу және тарифтер, оның ішінде табиғи монополиялардың тауарлары мен қызметтері мәселелерін қозғап, Үкіметке олармен жүйелі және нақты айналысуды тапсырды.
2020 жылдың қаңтарынан бастап микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге тыйым салу күшіне енеді
Шектеу үш жыл бойы әрекет ететін болады, сондай-ақ микро және шағын бизнес компаниялары табыс салығын төлеуден босатылады. Үкімет бұл үшін заңнамалық негізді әзірлеуі тиіс.
- Мораторий қолданылған кезеңде өзін-өзі реттеу, қоғамдық бақылау құралдарын жандандыру қажет. Бизнес субъектілері ұйғарылған нормалар мен ережелерді бұзған жағдайда, әсіресе санитарлық-эпидемиологиялық салада мұндай компаниялар жабылатын болады, олардың иелері жауапкершілікке тартылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдына көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды күшейту, капиталдарды шығарумен, салық төлеуден кетумен күресті күшейту міндеті қойылды.
Жаңа «Бизнестің жол картасы» аясында отбасылық бизнес құру үшін қолайлы жағдайлар қарастырылады
Көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылар басымдықта және «БЖК» іске асыру үшін келесі үш жылға қосымша 250 млрд.теңге бөлінеді.
Елбасы өңірлерде туризмнің, әсіресе, экономиканың маңызды саласы ретінде эко және этнотуризмнің дамуына назар аударды. Осыған байланысты біздің тарихымызға, мәдениетке, табиғатқа туристердің назарын аудару үшін Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу бойынша тапсырмалар берілді.