Жаңақала ауданының Пятимар ауылының Құспан қыстағында өрт шығып, шабылған шөп және ұсақ, ірі қара мал өртеніп кетті, деп хабарлайды uralskcity.kz Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт 24 тамыз түнгі сағат 3.12-де тіркелген. Жалын 210 шаршы метр аумақтағы шауашылық құрылыстарын шарпып өткен. Сондай-ақ 2450 шаршы метр аумақтағы және шабылған 162 тонна (650 орам) шөп жанған. Тілсіз жаудан 100 бас ұсақ мал мен 8 бас ірі қара мал жанып кетті.
Оқиға орнында БҚО ТЖД жеке құрамынан екі адам, 1 бірлік техника жұмыс жасап, өрт таңертеңгілік 9.00-де сөндірілді.
Өрттің себебі мен шығыны және кінәлі тұлғалар анықталуда.