18+

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ 12 МЫҢНАН АСТАМ МҰҒАЛІМ 30 ПАЙЫЗДЫҚ ҮСТЕМЕАҚЫ АЛАДЫ

Бұл туралы бүгін облыстық тамыз конференциясында облыс басшысы Ғали Есқалиев мәлім етті, деп хабарлайды uralskcity.kz.

Қазіргі уақытта облыстың білім беру саласының бюджеті 72,2млрд. теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,8 млрд. теңгеге артық.

Бюджет өсімінің 60% өңіріміздегі педагогтарының еңбекақысының көтерілуіне қалғаны 40%білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға және білім саласындағы жаңа жобаларға бағытталған.

Жалпы айта кету керек, облысымыздағы 11 мыңнан астам педагог жаңартылған білім беру мазмұнында сабақ бергені үшін еңбекақыларына 30% үстеме ақы алуда, ал жаңа оқу жылынан бастап аттестациядан өтуіне қарай тағы бірнеше педагогтың жалақыларына қосымша ақы төленеді.