18+

ЖЫЛҚЫ ҰРЛАҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

БҚО Бөкейордасы аудандық полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан 45 жастағы Бөкейордасы ауданының тұрғынын ұстады. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Uralskcity.kz.

Барымташы бірнеше жыл бойы аудан тұрғындарының жылқыларын ұрлап келген. Тергеу барысында оның алты ұрлық фактісіне қатыстылығы анықталды. Барлығы 10 жылқы ұрланған.

Аталған факті бойынша Бөкейордасы аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөліміне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.