5 тамыз күні Оралда екі пәтер отқа оранды. Бұл туралы БҚО полиция ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Uralskcity.kz
БҚО төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 18.08-де төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөліміне Орал қаласындағы Сокол көшесі 79/1 және 79/2 мекенжайында орналасқан үйлерде өрт шыққаны туралы хабар түскен. 13 минуттан кейін оқиға орнына №5 ӨСБ өрт сөндірушілері келіп, барлау жұмыстары кезінде тұрғын үйдің шатыры, қабырғалары және жеке заттар өртенгенін анықтады. Өрттің жалпы шарпып өткен ауданы 170 шаршы метрді құрады. Көмекке №8 ӨСБ және №1 МӨСБ қосымша техникасы шақыртылып, сағат 19.12 минутта өрт ошағы оқшауланып, сағат 20.13 минутта толығымен жойылды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 19 адам және 6 техника жұмылдырылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер болған жоқ.