БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ішімдік ішіп рөмкелесін өлтірді деп айыпталған Берік Сұпығалиевке үкім шығарды.
Сот материалдарынан мәлім болғандай оқиға биыл 2-ші сәуірдеБөкейордасы ауданындағы «Қажығали» қыстағындаболған. Сұпығалиев пен Шамғонов бірігіп ішімдік ішкен. Кейін әңгімелері жараспаған екеуі дауласады. Өзін балағаттағанға шыдамаған Сұпығалиев Шамғоновтың мойнынан бірнеше жерден пышақ сұғып, салдарынан Шамғонов оқиға орнында көз жұмған.
Сот төрешісі Бақыт Ермахановтың мәлімдеуінше, ауыр қылмысқа барған айыпты енді өмірінің 10 жылынқылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады.
Сұпығалиевке ҚР ҚК99-бабы 1-бөлімімен 10 жылға бас бостандығынанайыру жазасы тағайындалып отыр. Сонымен қатар ол жәбірленушінің пайдасына, яғни марқұмның апасы Ғұсмановаға 1 млн. 500 мың теңге өтемақы төлейтін болады,– деді судья Бақыт Ермаханов.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.