18+

Қарасора өсірген азамат ұсталды

«Көкнәр» жедел алдын алу шарасы барысында 1990 жылғы Орал қаласы тұрғынының саяжайынан 25 түп жасыл түсті айрықша иісі бар өсімдік табылды.Түптерден алынған сараптама қорытындысы бойынша оның есірткі заттарына жататын «қарасора» тұқымдас өсімдік екені анықталды.

Күдікті қарасораны үй өсімдіктерін отырғызатын құмыраларға және гүлзарларға егіп, баптар отыр. Бұл факт бойынша Орал қаласы Полиция басқармасы Қылмыстық Кодекстің 300-бабы 1-тармағымен (Құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп, өсіру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

БҚО Полиция Департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Көкнәр-2019» іс-шарасы басталған уақыттан бері Батыс Қазақстан облысы аумағында полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 74 қылмыстық құқықбұзушылықты анықтаған.