18+

Пәтерінде есірткі ұясын ұйымдастырған оралдық азамат ұсталды

«Көкнәр-2019» жедел алдын алу шарасы барысында БҚО ПД-ның нашақорлыққа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері өз үйінде есірткіге тәуелділер үшін наркологиялық қорда ұйымдастырған 37 жасар азаматты ұстады.
Пәтерін тінту кезінде пайдаланылған шприцтар және есірткі дайындауға қолданылған ыдыстар табылды. Бұдан бөлек полимерлі кеседе сұйық зат табылып, сараптама нәтижесінде есірткілік «экстрациялық апиын» ертіндісі екені анықталды.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 302-бабы, 1 тармағымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру) және Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 2-тармағы (есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Облыстық ПД баспасөз қзыметінің мәліметінше жыл басынан бері облыста 291 есірткі қылмысы тіркелген. Оның 15-і аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау, 5 факт есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру. Екі есірткі ұясы жойылған. Заңсыз айналымнан 8 келіден астам есірткі және психотроптық заттар алынды.