Оқиға бүгін, 22 шілде күні болған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне таңертеңгілік сағат 9.35-те Әлия Молдағұлова көшесі бойындағы бір қабатты «Дорожный» мейрамханасының қосалқы орын-жайынан өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Орын-жайдағы екі бөлменің ортасын бөлуге қолданылған ағаш аралық жанып, тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Жалынды сөндіруге департаменттің өрт сөндіру және авариялық құтқару бөлімінен 13 өрт сөндіруші мен бес техника жұмылдырылды. Өрт сағат 10.09-да оқшауланып, сағат 10.42-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығын көлемі және кінәлі тұлғалар анықталуда.