Оқиға 17 шілде сағат 16.40 шамасында орын алған.
Шаған жағалауы көшесімен оңтүстік бағытқа қозғалып келе жатқан «Лада Ларгус» маркілі автокөлік рөліндегі 1987 жылғы жүргізуші велосипедшіні қағып кеткен.Жол-көлік оқиғасы себебі анықталуда.
Оқыс оқиғасы салдарынан жас бала сол сәтте көз жұмды.
Қазіргі уақытта Орал қаласы Полиция басқармасы Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.